14 наурыз 2022 | 09:06

Қазақстан үкіметі мәлімдеме жасады

Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан үкіметі Интернетте теріс сыртқы макроэкономикалық жағдайларға байланысты туындайтын проблемалар туралы хабарламалардың жиілеуіне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан үкіметі Интернетте теріс сыртқы макроэкономикалық жағдайларға байланысты туындайтын проблемалар туралы хабарламалардың жиілеуіне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теріс сыртқы экономикалық құбылыстарға жедел ден қою шеңберінде Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимылдар жоспарын іске асырып жатқаны хабарланды.

"Атап айтқанда, қаржы нарығының орнықтылығын және теңгелік депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірледі.

Екінші деңгейдегі банктерде 2022 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 15,3 триллион теңге немесе активтердің 40 пайыз өтімділігі жоғары активтердің біршама қоры бар", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне уақтылы және толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Банктердің өтімділік бойынша пруденциялық нормативтері реттеушінің ең төменгі талаптарынан төрт еседен астам артық.

Заңда белгіленген шекте жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік беретіні айтылды.

"Биыл қаңтарда халықтың теңгелік жинақ депозиттері бойынша кепілдік сомасы 20 миллион теңгеге дейін, сондай-ақ түрлері мен валюта бойынша әртүрлі депозиттерге кепілдік берудің ең жоғары жиынтық сомасы "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ тарапынан ұлғайтылды.

Бұдан басқа, бағаның өсуін тежеу мақсатында Үкімет Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр", - делінген хабарламада.

Ол өнім өндіру көлемін ұлғайтуға, сақтау мен логистикаға, бөлшек саудаға, баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуге бағытталған жедел және орта мерзімді сипаттағы іс-шаралардан тұрады.

Жалпы, Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды бақылауда ұстайтынына сендірді.

"Бұл үшін күн сайын Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырыстары өткізіледі. Оның шеңберінде экономикалық жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері бойынша шешімдер пысықталады.

Халықты үрейленбеуге және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз. Арандатушылық сипаттағы анық емес және жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік көзделгенін атап өтеміз", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная