04 маусым 2021 | 16:56

Қазақстан үкіметіне есту аппараты сыйға берілмек

Қазақстан халық партиясының үкіметке сыйлығы. Фото ©Tengrinews.kz

Қазақстан халық партиясы ел үкіметіне "мемлекет халық зарын естіп, көруі үшін" есту аппараты мен көзілдірік сыйлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан халық партиясы ел үкіметіне "мемлекет халық зарын естіп, көруі үшін" есту аппараты мен көзілдірік сыйлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде үкіметке көп нәрсе істеу керек. Оған ақша бөлінеді. Алайда мәселелер мен проблемалар шешілмейді. Адамдар айғайлайды, жылайды, хат жазады - жауап жоқ. Кешіріңіз, мырзалар (Үкіметтегі), жерге түсіңіздер. Бізді еститін мемлекет қайда? Неге мүлдем елемейсіздер... Біз партиядан шенеуніктерге есту аппаратын сыйға тартқымыз келеді. Көзілдірік - олар көруі үшін. Көрген және естіген нәрселерден жүрегі тоқтап қалмауы үшін - валидол", - деді ҚХП өкілі, Мәжіліс депутаты Айбек Паяев партияның кезектен тыс съезінде.

Реклама
Реклама

ҚХП-ның үкіметке сыйлығы пошта арқылы жіберіледі. Фото Tengrinews.kz

Еске салайық, бұған дейін де Айбек Паяев шенеуніктерді кері байланыс жоқ деп сынға алған еді. 2021 жылдың қаңтарында Қазақстан халық партиясы фракциясының депутаттары премьер-министрдің кандидатурасына дауыс беруден қалыс қалып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар өз жұмысына немқұрайды қарай бастағанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная