28 мамыр 2021 | 16:38

Қазақстан вакциналау сертификатын өзге елдер мойындауы үшін жұмыс істеп жатыр

Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева вакцинация төлқұжатын енгізу бойынша өзге елдермен жүргізілген келіссөздер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева вакцинация төлқұжатын енгізу бойынша өзге елдермен жүргізілген келіссөздер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-мен бірлесіп вакцинацияны растайтын сертификаттарды енгізу бойынша басқа елдердің министрліктерімен өте белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бір күнде бітетін жұмыс емес, бірақ бұл бағытта белсенді жұмыс жүріп жатыр", - деді Айнагүл Қуатбаева ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта сертификаттар Қазақстанда қолданылатын вакциналар салынғанын растауы керек.

Реклама
Реклама

"Біз қазір жекелеген елдердің вакцинация сертификаттарын өзара мойындауын айтып отырмыз. Мысалы, Моңғолиямен қажылыққа қатысты өте белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл өте өзекті мәселе, сондықтан бұл бағытта да жұмыстар жүргізіледі", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының басшысы.

Айта кетейік, ЕО аумағында "жасыл сертификаттарды" іске қосу жоспарланып отыр. Бұл адамның вакцинациядан толық өткенін, COVID-19 үшін теріс сынақ алғанын немесе жақында коронавируспен ауырғанын растайды. Бұған дейін Еуроодақ елдеріне пандемия басталғаннан бері алғаш рет шектеулерді жеңілдету ұсынылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная