27 қараша 2023 | 14:55

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап бірқатар көлікке жаңа белгі қою талап етіледі

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстанда газ баллон жабдығы бар көлік иелерінен арнайы белгі орнату талап етілді. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда газ баллон жабдығы бар көлік иелерінен арнайы белгі орнату талап етілді. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттарды жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр.

Реклама
Реклама

"Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығы бойынша, КазСтандарт әзірлеген, "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану ережелері" СТ 1412-2017 ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұл стандарт міндетті болып табылады, өйткені ол Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерінде сілтеме ретінде көрсетілген", - деп хабарлады ҚазСтандарт баспасөз қызметі.

Өзгеріс леп белгісі және "GAS" деген жазуы бар қара жиекті сары түсті газ баллон жабдығы бар автомобильдерге арналған белгіні міндетті түрде орналастыруды енгізеді.

Бұл белгі жабық тұрақтарға кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы керек, деп түсіндірді ҚазСтандарт.

Сонымен қатар, жаңа ережелер газбен жүретін көліктердің жабық тұрақтарда тұруын тиімді бақылауға және тыйым салуға мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде, азаматтардың жалпы қауіпсіздігіне ықпал етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная