ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2021 | 09:51
Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді?
2021 жылдың қазанында Қазақстанда не өзгеретіні туралы Tengrinews.kz материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2021 жылдың қазанында Қазақстанда не өзгеретіні туралы Tengrinews.kz материалында.
Қосымша төлемдер тоқтатылады
1 қазаннан бастап пандемиямен күресте жұмыс істейтін дәрігерлерге коронавирус жұқтыру қаупі бойынша өтемақы берілмейді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, оның орнына басым мамандықтар бойынша дәрігерлер мен 9 санатты медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі.
Шілдеде Денсаулық сақтау министрлігі 1 қазаннан бастап жәрдемақыларды жою туралы бұйрықтың жобасын жариялады. Құжатта жәрдемақылардың орнына дәрігерлерге ерекше психоэмоционалды және қиын еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін үнемі қосымша ақы төленетіні айтылды. Тізімге келесі санаттар енгізілді:
- реаниматолог дәрігер-анестезиологтар,
- инфекционистер,
- жансақтау және анестезиология бөлімінің анестезиологтары,
- эпидемиологтар,
- психологтар мен МСАК әлеуметтік қызметкерлері,
- Ядролық медицина орталығының қызметкерлері,
- патологоанатом-дәрігерлер.
Президент 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында пандемиямен күресте дәрігерлерге төленетін сыйақыны біртіндеп жүйелі қолдау мен ынталандыру шараларымен алмастыру керегін айтты.
Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеу жұмысына жабылады
Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмысына байланысты 1 қазанда тоқтатылады.
Тоқтаған кезеңде зауыттың барлық технологиялық қондырғыларына жөндеу жұмыстары жоспарланған. Зауыт қазан айының соңына дейін тұрақты жұмыс режиміне өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл уақытта Атырау мен Шымкент зауыттары максималды түрде жұмыс істейді.
Бұның негізгі себебі дизель отынының ішкі нарықта, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сұранысын ескере отырып, тепе-теңдікті сақтау қажеттілігінен туындап отыр.
Алматы әуежайында қосымша тексеріс желісі ашылады
1 қазаннан бастап Алматы халықаралық әуежайында авиациялық қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізіледі. Терминалға кіреберісте қосымша тексеру желісі орнатылады.
Кезекте тұрмау, рейске кешікпеу үшін жолаушыларға әуежайға ерте келу ұсынылады.
Қазақстанда күн салқындайды
Синоптиктердің болжамы бойынша, қазанның алғашқы онкүндігінде батысқа солтүстік-батыс антициклонының енуіне байланысты ауа температурасы түнде 1-3 градусқа, күндіз +10 ... +15 градусқа дейін төмендейді. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында суық ауа массаларына байланысты ауа температурасы түнде -5 ... +5 градустан -1 ...-8 градусқа дейін, күндіз +3 ... +10 градустан 0 ...+5 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, бірінші онкүндіктің ортасында түнде 1-3 градусқа дейін суық, күндіз +5 ... +13 градус болады. Бірінші онкүндіктің екінші жартысынан бастап еліміздің көп аймағында 10-12 градус жылы болады.
Қазанның екінші, үшінші онкүндігінде кей күндері қысқа мерзімді ыстық болып, ауа температурасы күндіз +13 ... +18 градусқа дейін жылынады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +19 ... +25 градусқа дейін көрсетеді.
Жауын-шашын мен екпінді жел болатын күзгі суық күндер де болжанады. Арктиканың ауа массаларының жиі енуі ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Қазақстанның солтүстікте ауа температурасы түнде -4 ...-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз -2 ... +3 градусқа дейін, оңтүстікте түнде -5 ... +5 градус, күндіз +7 ... +12 градусқа дейін болады.
Жаңа мереке - Радио күні
25 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақ радиосының" 100 жылдығын мерейтойы аясында 1 қазан - Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде жариялауды ұсынды. Кейін кәсіби мереке үкімет қаулысымен ресми түрде бекітілді.
Сонымен қатар, 1 қазанда қазақстандықтар қарттар күнін атап өтеді.
Қазанда ел тұрғындары 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді. Алты күндік жұмыс істейтіндерде 5 күн демалыс, 26 жұмыс күні болады. 2021 жылдың қазанында мемлекеттік, ұлттық мерекелер болмайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также