Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап стипендия өседі

Фото:depositphotos.com

1 қыркүйектен бастап стипендия мөлшері өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қыркүйектен бастап стипендия мөлшері өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған студенттерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

"Кейінгі 5 жылда Қазақстанда грант саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйектен бастап стипендия мөлшері өседі. Бакалавриат үшін стипендия 52 372 теңге, магистратура үшін 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңге болады", - деді вице-министр.

Реклама
Реклама

Яғни биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама