01 сәуір 2022 11:43

Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: Әлихан Сариев

1 сәуірден бастап қандай өзгерістер болады? Tengrinews.kz тілшісі жинап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 сәуірден бастап қандай өзгерістер болады? Tengrinews.kz тілшісі жинап көрді.

Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің жеткілікті шегі өсті

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үйге немесе емделуге мерзімінен бұрын алу үшін жеткілікті шек өсті.

Реклама
Реклама

1 сәуірден бастап жеткілікті шек екі есе өсті. Мысалы, 20 жастағылар үшін жеткілікті шек 3,1 миллион теңге болды. Бұған дейін 1,7 миллион теңге болған еді. 30 жастағыларға 4,37 миллион теңге болды, ал бұрын 2,5 миллион теңге болды. 40 жастағы адамдар үшін жеткілікті шек 5,79 миллион теңге, бұрын ол 3,42 миллион теңге болатын.

Ресей құрлық шекарасы арқылы келген қазақстандықтардан ПТР-сынамасын талап етпейді

1 сәуірден бастап қазақстандықтарға құрлық шекарасындағы өткізу бекеттері арқылы Ресейге кіру үшін ПТР-сынама тапсырудың және сауалнама толтырудың қажеті жоқ. Бұл туралы Ресейдің Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған.

Бұл ереже ресейліктер мен ЕАЭО елдері азаматтарына (Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь) қолданылады. Елдің бас мемлекеттік санитария дәрігері тиісті қаулыға 2022 жылғы 31 наурызда қол қойды.

1-сыныпқа құжат қабылдау басталады

1 сәуірде 1-сыныпқа құжат қабылдау басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке қабылдау қызметі толық автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

1-сыныпқа 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ күнтізбелік жылда алты жасқа толған балалар қабылданады. Оған баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 және 063/у секілді денсаулық жағдайы туралы құжат, өлшемі 3х4 болатын оқушының екі фотосуреті қажет.

Өңірлердегі білім басқармалары әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы ата-аналарға балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізетіні айтылды.

Биыл 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады деп жоспарланып отыр.

Корея Республикасымен арада визасыз режим қалпына келтіріледі

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі қазақстандықтарға қатысты виза талаптарын өзара жою туралы келісімді қалпына келтірді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің сайтында айтылған. Бұған дейін Оңтүстік Корея тарапы оны COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатты. Осылайша, Қазақстан азаматтары Корея Республикасына 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз қайта кіре алады.

Корея Республикасында еңбек еткісі, білім алғысы, тұрғысы келсе, тиісті визаны алу қажет.

Сонымен қатар, қазір шетелдік азаматтардың Корея Республикасына кіруін авторизациялаудың "К-ЕТА" электрон жүйесі жұмыс істейтінін ескеру қажет. Соған сай елге визасыз келетін шетелдіктерге ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын сайт арқылы сапар туралы электрон хабарлама түрінде өтініш беріп, содан кейін Оңтүстік Корея билігінің елге кіруге рұқсатын алу талап етіледі. Мұндай рұқсат болмаған жағдайда әуекомпания азаматты бортқа отырғызбауға мәжбүр болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram