07 қараша 2023 | 09:24

Қазақстанда 10 градусқа дейін аяз болып, жаңбыр жауады

Freepik

Қазгидромет 7 қарашада Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет 7 қарашада Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстіктен соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 12-14 градус жылы.

Реклама
Реклама

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 19-21 градус жылы.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 8-13, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың солтүстігінде 3, күндіз 17-22, облыстың солтүстігінде 13 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде батыста, солтүстікте, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, күндіз 8-13 градус жылы.

Атырау облысының басым бөлігінде таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 12-17 градус жылы.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстік-шығысында 2, күндіз 15-20, облыстың солтүстік-шығысында 12 градус жылы.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2 аяз – 3 градус жылы, күндіз 8-13 градус жылы.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың шығысында 8 градус аяз, күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14, облыстың солтүстігі мен батысында екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың шығысында 13 градус аяз, күндіз 2 градус аяз 3 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная