Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланып отыр

Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланып отыр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы салу жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы салу жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цой ресейлік "Спутник V" вакциналарының екі миллион дозасына келісім бар екенін атап өтті. Ол Қазақстанға субстанция түрінде жеткізіледі және кейіннен Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында өндіріледі екен.

"Яғни, екі миллион дозаға кепілдік беріледі. Қазір бізде жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әзірге екі миллион доза. Жалпы, біз шамамен 10 миллион адамға вакцина салуды жоспарлап отырмыз - бұл 55 пайыз. Біз науқастармен тікелей байланыста болатын негізгі осал топтарды анықтадық. Әзірге бұл 18 жастан 60 жасқа дейінгі санат", - деп түсіндірді министр ОКҚ брифингінде.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама