12 мамыр 2023 | 08:34

Қазақстанда 12 мамырда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері найзағай, жел және үсікке байланысты Қазақстанның 12 өңірінде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері найзағай, жел және үсікке байланысты Қазақстанның 12 өңірінде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні - 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысының облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с.

Реклама
Реклама

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі бар.

Шымкентте 12 мамырда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, орталығында найзағай. Күндіз облыстың орталығында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік жартысында тұман болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында - 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с-қа жетеді.

Павлодар облыстың оңтүстік-шығысында найзағай, түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік болады. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында түнде екпіні - 15 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная