ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2020 | 17:41
Қазақстанда 13 мыңға жуық дәрігерден коронавирус пен пневмония анықталған
Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғалы бері COVID-19 және пневмониямен 12 830 дәрігер ауырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғалы бері COVID-19 және пневмониямен 12 830 дәрігер ауырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"30 қыркүйектегі жағдай бойынша, 12 830 дәрігерден коронавирус және пневмония анықталды. Оның ішінде, 8339 жағдай дәрігерлердің кәсіби қызметімен байланысты. Өңірлік комиссия 8 320 жағдайды қарап, 67 пайызы расталды", - деді Цой ОКҚ брифингінде.
Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда медициналық қызметкерлердің 88 пайызы немесе аймақтық комиссия деңгейінде расталған жағдайлардың 3 454-і COVID-19 бойынша өтемақы алды.
"Өкінішке қарай, пандемия басталғалы Қазақстан 182 медицина қызметкерінен айырылды. Өңірлік комиссиялар бүгінде қайтыс болған дәрігерлердің туыстарынан 58 өтініш бойынша өтемақы алуын мақұлданды. Қазіргі уақытта 36 отбасы өтемақы алды. Бұл бағыттағы жұмыстар да жалғасып жатыр", - деді министр.
Айта кетейік, қызмет барысында коронавирус жұқтырған қазақстандық медицина қызметкерлеріне 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также