Қазақстанда 13,4 миллион тонна бидай жинау жоспарланып отыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев 2022 жылы Қазақстанда астық жинау 18,3 миллион тонна болады деп күтіліп отырғанын, оның 13,4 миллион тоннасы бидай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев 2022 жылы Қазақстанда астық жинау 18,3 миллион тонна болады деп күтіліп отырғанын, оның 13,4 миллион тоннасы бидай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің мәліметінше, әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайға, бірқатар елдерде астық өндірудің төмендеуіне байланысты елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат болып тұр. 

"Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,1 миллион тонна, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында - 12,6 миллион тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде - 16,5 миллион тонна. Сонымен қатар, республикада 3,1 миллион тонна көлемінде астық тасымалдау бар, оның ішінде бидай - 2,5 миллион тонна", - деді Қарашүкеев Үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге элеваторлардың егінді қабылдауға және сақтауға дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет басшысының айтуынша, министрліктің басты міндеті - егінді дер кезінде жинау.

"Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп министрліктері және "ҚТЖ" ұлттық компаниясы облыстардың әкімдіктерімен бірлесе отырып, жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және логистика мәселелерін шешуді қолға алсын.

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, шаруалардың бағасын тұрақты сақтап, қыс мезгіліндегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жемшөп қорын уақтылы қалыптастыру шараларын қабылдауы қажет", - деп түйіндеді Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама