17 қараша 2022 | 08:55

Қазақстанда 147 адамның 20 және одан да көп баспанасы бар - "Отбасы банк" басшысы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Қазақстандағы баспана иелерінің статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Қазақстандағы баспана иелерінің статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының мәліметінше, 2021 жылдың аяғында 6,3 миллион адамның меншігінде үй бар. 19 миллион халық бар десек, соның ішінде 6,3 миллион деген жаман статистика емес. Егер бізде 10 миллионға жуық экономикалық белсенді халық бар десек, 60 пайызының меншігінде үй бар болып шығады. Бұл тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы жақсы көрсеткіш. Егер құрылымына зер салсақ, 5,6 миллион адамның басында бір баспанадан бар", - деді "Отбасы банк" басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстанда 717 мың тұрғында екі баспанадан бар. Оның ішінде 607 мың адамның басында екі пәтер, 84 394 адамның атында 3 жылжымайтын мүлік тіркелген. 16 509 адамның атында 4 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Бір басында 5 нысаны барлардың саны әлдеқайда аз - 4 823. 1 935 адамда 6 пәтерден бар.

Реклама
Реклама

"Шамамен 147 адамның 20 және одан да көп баспанасы бар. Бұл 6,3 миллион пәтерге шамамен 4,3 миллион отбасы иелік етеді", - деп түйіндеді Ибрагимова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная