ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қыркүйек 2022 | 16:17
Қазақстанда 1,7 миллион адам мүлік салығын төлемеген
1,7 миллион адам 2021 жылға мүлік салығын әлі төлемеген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарламасында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
1,7 миллион адам 2021 жылға мүлік салығын әлі төлемеген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарламасында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 2022 жылдың 1 қазанында жылжымайтын мүлік және жер учаскелері меншік иелерінің 2021 жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталған.
"Салық төлеу мерзімінің аяқталуына небәрі, 1 апта қалса да, 1,7 миллион меншік иесі салық міндеттемесін әлі орындамаған. Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар биыл шілдеде меншік иелеріне жіберілген. Бұдан басқа, "Каспий банк" АҚ мобильді қосымшасын пайдаланушыларына PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді.
2021 жыл үшін мүлік салығы 3,8 миллион салық төлеуші бойынша жалпы сомасы 14,3 миллирад теңгеге есептелген", - делінген хабарламада.
Дегенмен, бүгінде шамамен 1,7 миллион меншік иесі 2021 жыл кезеңіне 5,7 миллиард теңге сомасына мүлік салығын төлемеген.
"Төленбеген салық сомалары бойынша Алматы қаласының тұрғындары көш бастап тұр (1 379 миллион теңге), екінші орында – Шымкент қаласы (1 194 миллион теңге), антирейтингтің үштігінде – Астана қаласы (1 094 миллион теңге).
Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 2 қазанынан бастап жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламаларды борышкерлерге жіберетінін еске салады. 1 айлық есептік көрсеткіштен аса берешек сомалары бойынша хабарлама табыс етілген соң отыз жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі. Бұл салық бұйрығы 5 жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі", - делінген хабарламада.
Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша төлемді өндіріп алатыны айтылды.
"Осылайша, артық шығындар мен проблемаларды болдырмау үшін мүлік салығын уақытылы төлеуге кеңес береміз. Салықты "e-Salyq Azamat" және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, "Электрондық үкімет" порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады", - деді комитет өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также