Қазақстанда 17 полицей коронавирустан қайтыс болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©РИА Новости

Қазақстанда 17 полиция қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тілшіге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда 17 полиция қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тілшіге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"6500 полиция қызметкері коронавирус жұқтырып, ауырды... және 17 адам қайтыс болды. Біз барлық жерде жұмыс істедік. Блокбекеттер мен кезекшіліке тәулік сайын 12 мыңға жуық полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметкері шықты. Жұмыс 24 сағатқа, сегіз сағат сайын ауысымға бөлінді", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

ІІМ басшысы полицейлер блокбекеттерді, ауруханаларды, санитария бекеттерін, әуежайларды, вокзалдарды күзеткенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Резерв қамтамасыз етілуі керек болды, сондықтан қоғамдық тәртіпті сақтауға көп күш жұмсалды", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама