05 қаңтар 2023 | 15:03

Қазақстанда 18 адамға қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда 18 адамға қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айып тағылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда 18 адамға қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айып тағылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 қаңтарда Мәжілістегі арнайы тыңдаулар барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің қорытындысын жариялады. Парламент кулуарында журналистер бас прокурордан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов өз мүддесі үшін әрекет етті ме, әлде біреудің тапсырмасын орындады ма деген сауал қойды.

"Бұл істер өте құпия режимде тергеліп жатыр. Сондықтан нақты осы сұрақтарды осы істі тергеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолдар едім. Біз тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бойынша 18 адамға қатысты іс қозғадық. Көптеген іс кетті. Егер нақты фамилиялар қажет болса, қосымша көтере аламыз", - деп жауап берді бас прокурор Берік Асылов.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Мәжілістегі тыңдаулар барысында Бас прокурор қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның экс-орынбасары Әнуар Садықұлов ҰҚКД ғимаратынан кету туралы бұйрық бергенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная