22 желтоқсан 2020 | 13:18

Қазақстанда 2 мың әскери қызметкер коронавирус жұқтырған

Қазақстанда пандемия басталғалы екі мыңнан аса әскери қызметші коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда пандемия басталғалы екі мыңнан аса әскери қызметші коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, бұл жалпыға ортақ қайғы, коронавирус пандемиясы Қарулы күштерді айналып өтпеді. Пандемия басталғалы Қарулы күштерде екі мыңнан аса адам осы инфекцияны жұқтырды. Олардың ішінде қазір 100-ге жуық адам емделіп жатыр, қалғандары жазылып шықты. Өкінішке қарай, бірнеше өлім жағдайын қоспағанда. Осы адамдардың жақындарына көңіл айтамыз", - деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Министр әскерде маска тағу, бөлмені тазалау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормативтер енгізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, Қарулы күштерде қол алысуға тыйым салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная