15 қараша 2021 | 12:17

Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады. Қазгидромет синоптиктері 16-18 қарашадағы ауа райын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады. Қазгидромет синоптиктері 16-18 қарашадағы ауа райын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, атлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік облыстарда қар, тұман, көктайғақ, екпінді жауын-шашын, боранды жел күтіледі.

"17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі, 18 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы солтүстік-батыста түнде 12-17 градусқа дейін аяз, күндіз 7-12 градусқа дейін аяз, солтүстікте, орталықта түнде 13-20 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін аяз, шығыста түнде 6-18 градусқа дейін аяз, күндіз 1-10 градусқа дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5-13 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная