Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі атлантикалық циклон мен соған байланысты атмосфералық фронталь аймақ ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, 13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.
"Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде боран болжанады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – делінген хабарламада.
Ауа температурасы фонында қысқа мерзімді төмендеу күтіледі:
- Қазақстанның солтүстігінде түнде –5...–12 градус аяз, күндіз –0...–6 градус аяз;
- солтүстік-батыста түнде –2...–10 градус аяз, күндіз –0...–5 градус аяз;
- орталықта түнде –3...–13 градус аяз, күндіз –6 градус аяздан +3 градусқа дейін;
- шығыста түнде –8...–20 градус аяз, күндіз –0...–10 градус аяз.
Қалған аумақтарда ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз болады, дейді синоптиктер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!