28 желтоқсан 2021 | 11:42

Қазақстанда 2021 жылдың 11 айында құрылыс материалдары өндірісі 9,2 пайызға өсті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, "Бәйтерек" ҰБХ АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндама жасады.

Реклама
Реклама

Фото: Primeminister.kz

Үкімет басшысы Қазақстан экономикасының құрылыс саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Жалпы, ішкі өнім құрылымында құрылыс үлесі 2020 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша 6,1 пайыздан 2021 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 6,25 пайызға дейін өсті.

Аталған сала ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен өсу драйверлерінің негізгі көздерінің бірі. 2021 жылғы 11 айда құрылыс саласының өсу қарқыны 6,2 пайызды құрады, бұл экономика бойынша өсудің орташа қарқынынан айтарлықтай жоғары.

Фото: Primeminister.kz

Биыл Қазақстанда шамамен 17 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 163 мыңнан астам азаматты жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйді пайдалануға беру 1,6 миллион шаршы метрді құрайды, осылайша, 29 мыңға жуық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартады.

Сондай-ақ, елімізде жыл сайын денсаулық сақтау, білім беру, өнеркәсіп және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері көптеп салынып жатыр.

Әлемдегі инфляцияның жоғары деңгейіне және құрылыс шығындарының құрылымында құрылыс материалдарының жоғары үлесіне (50 пайызға дейін) байланысты Үкімет отандық өндірісті дамыту бойынша белсенді шараларды іске асырып жатыр. Осылайша, биыл 76 миллиард теңге сомасына құрылыс материалдарын өндіру бойынша 34 ірі жоба іске асырылды, 2,2 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Іске асырылып жатқан шаралар аясында құрылыс материалдары өндірісі саласында жоғары қарқын байқалады. 11 айдың қорытындысы бойынша өсім 9,2 пайыз құрады.

Нарықты отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға қарай 1 триллион теңгеден астам сомаға құрылыс индустриясының 165 жаңа жобасы іске асырылатын болады. Кеңінен пайдаланылатын құрылыс материалдарының, оның ішінде табақ шыны, керамикалық плитка, санфаянс, қасбеттік плиталар, жылу оқшаулағыш және басқа да материалдар өндірісі ұйымдастырылады. Бұл 2025 жылға қарай импорт үлесін 42 пайыздан 27 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

"Жаңа өндіріс орындарын құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту құрылыс материалдары бағасының қолжетімділігін қамтамасыз етеді және импортқа тәуелділікті азайтады. Бұл жұмысты белсенді түрде жалғастыру керек", - деді А.Мамин.

Үкімет басшысы бір ай ішінде Құрылыс индустриясы жобаларын іске асырудың 2025 жылға дейінгі егжей-тегжейлі жол картасын әзірлеуді тапсырды. Нарықта делдалдардың жұмысына жол бермеу және құрылыс материалдарының құнын арзандату мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-мен бірлесіп, 2022 жылғы 1 наурызға дейін "Маркетплейс" онлайн алаңын өнеркәсіптік пайдалануға беру тапсырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, әкімдіктермен бірлесіп құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсу фактілері бойынша уақытылы әрекет ету шараларын қабылдау және тұрақты бақылау тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная