Қазақстанда 2025/2026 жылғы қыс қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

"Қазгидромет" мамандары алдағы қыста Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Алдын ала болжамдарға сәйкес, 2025/2026 жылғы қыс салыстырмалы түрде жылы болмақ, бірақ ауа температурасының күрт ауытқуы, боран мен көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" мамандары алдағы қыста Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Алдын ала болжамдарға сәйкес, 2025/2026 жылғы қыс салыстырмалы түрде жылы болмақ, бірақ ауа температурасының күрт ауытқуы, боран мен көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қараша: алғашқы боран, ауа температурасының ауытқуы

Қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар түрінде жауын-шашын болады, ал оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр мен қар аралас ауа райы күтіледі. Әсіресе солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда бұрқасын, көктайғақ және тұман болады.

Реклама
Реклама

Синоптиктердің айтуынша, ай бойы ауа райы жиі өзгереді:

  • солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде –2...–7°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5...+10°С болады;
  • ай аяғына қарай түнде –15...–20°С, күндіз –10...–15°С дейін суытады.

Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде түнгі температура –3...–12°С пен +7°С аралығында, күндіз +6...+18°С шамасында болады. Қарашаның аяғында –15°С-қа дейінгі суық түсуі мүмкін.

Қарашаның орташа температурасы нормадан 1°С жоғары, ал жауын-шашын мөлшері климаттық норма шегінде болжанып отыр.

Желтоқсан: ауа райы климаттық нормаға жуық

Желтоқсанда ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде норма шегінде, ал солтүстік-батыста - 1°С жоғары болады деп күтіледі.

Солтүстік-шығыста, керісінше, сәл салқынырақ болуы мүмкін.

Жауын-шашын мөлшері шамамен норма деңгейінде, кей жерлерде аздау, әсіресе орталық және шығыс аймақтарда.

Қаңтар: аяз жоқ

Қаңтарда ауа температурасы климаттық норма шамасында, бірақ шығыс облыстарда - 1°С төмен болады.

Жауын-шашын мөлшері нормада, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында көбірек күтіледі.

Ақпан мен наурыз: күн жылынады және қар жауады

Ақпан қыстың ең жұмсақ айы болмақ, температура нормадан 1–2°С жоғары. Жауын-шашын мөлшері республика бойынша норма шегінде болжанып отыр.

Наурызда ауа райы жылы, климаттық көрсеткіштерден 1°С жоғары болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын нормадан көп, ал Маңғыстау облысында аздау күтіледі.

"Алдын ала бағалау бойынша, Қазақстанда қыс біршама жылы, бірақ температурада күрт өзгерістер болады. Кей күндері қалың қар, боран және көктайғақ болуы ықтимал", - деді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама