26 қыркүйек 2023 14:23

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
KamranAydinov/Freepik

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр бұл балалардың денсаулығына әсер ететінін жеткізді.

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда Мәжілісте денсаулық сақтау саласына байланысты заң қаралып жатыр. Сол заңның шеңберінде 21 жасқа дейінгі азаматтарға, балаларға энергетикалық сусын сатпау туралы норма қарастырылып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бұл норманы қолдап отырмыз. Өйткені бұл балалар мен жастардың денсаулығына тікелей байланысты дүние", - деді министр.

Министрлік өкілдері мұндай сусындарға неге біржола тыйым салынбайтынын түсіндірді.

"Шектеп, ішнара ішетін болса, энергетикалық сусындардың денсаулыққа зияны жоқ. Бірақ балалардың 9 пайыздан астамы әртүрлі тәтті сусындарды күнде ішеді екен. Бұл семіздікке, қант диабеті, жүрек қан тамырлары ауруларына әкеп соғады. Балалар мөлшерін білмей, өз денсаулығына жауап бере алмайды. Ал ересек азаматтар өз денсаулығына өзі жауап беруі керек. Сондықтан жаппай тыйым салу дұрыс емес деп санаймын", - деді Ажар Ғиният.

Әлеуметтік желіде адамдардың Gorilla сусынын ішіп, ауыр науқасқа шалдыққаны туралы видеолар жиі тарайды.

Журналистің "Бұл ақпаратқа сенуге бола ма?" деген сұрағына министр нақты жауап бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram