22 наурыз 2022 | 10:09

Қазақстанда 22 наурызда ауа райы қандай болады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: Тұрар Қазанғапов

22 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" ұлттық гидрометеорология қызметінің сайтында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

22 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" ұлттық гидрометеорология қызметінің сайтында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ел аумағынан атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты батыста, солтүстік, шығыс өңірлерде қар, ал оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас түрде жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстікте, батыс пен шығыста бұрқасын болады.

Ақмола облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, түнде және таңертең батыста, оңтүстікте тұман түседі.

Реклама
Реклама

Павлодар облысында түнде оңтүстікте, ал күндіз оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында бұрқасын, көктайғақ болады, түнде облыстың оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін, күндіз басым бөлігінде 15-20 метрге дейін, сонымен қатар, оңтүстігінде 25 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысында солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын болып, түнде облыстың батысында, солтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін, күндіз 15-20 метрге дейін, солтүстігінде, облыс орталығында 23 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында боран, солтүстігінде тұман, көктайғақ болып, батысында секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ болып, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ болып, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында, таулы аудандарда жел екпіні 15-20 метр, кейде секундына 25 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе облысында түнде орталықта, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұрқасын болып, орталықта жел күшейеді, оңтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман, бұрқасын болып, батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын болып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болып, солтүстігі мен орталығында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде Атырау облысының шығысы мен орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная