Қазақстанда 220 триллион теңге болатын банк операциялары тексеріліп жатыр

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 220 триллион теңгенің қаржылық операциялары тексеріліп жатыр. Бұл туралы заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару жөніндегі комиссия отырысы барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік нысаны, соның ішінде шетелде 131 нысан анықталғаны айтылды. Жалпы құны 448 миллиард теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 триллион теңге болатын банк операциялары, оның ішінде 1,4 триллион теңге болатын күмәнді операциялар тексеріліп жатыр.

"Біздің ортақ міндетіміз – заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды қамтамасыз ету және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану", - деді Әлихан Смайылов.

Реклама
Реклама

Премьер-министр талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді. Комиссия жұмысы жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама