Қазақстанда 23 қарашадан бастап жеті жол учаскесі ақылы болады

Фото: qaj.kz

23 қарашадан бастап Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болады. Бұл туралы "Қазавтожол" ұлттық компаниясы (QazAvtoJol) өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 қарашадан бастап Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болады. Бұл туралы "Қазавтожол" ұлттық компаниясы (QazAvtoJol) өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 15 қарашасынан бастап төрт жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде: Нұр-Сұлтан - Павлодар, Қапшағай - Талдықорған, Тараз - Қайнар, Шымкент - Тараз, Шымкент - Қызылорда, Шымкент - Ташкент, Щучинск - Көкшетау жолдарында ақы алу жүйесі жұмыс істейді.

Осы аталған учаскелер бойынша ақылы жүйені енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және биылғы 23 қарашада күшіне енеді, сәйкесінше осы күннен бастап жол жүру ақысы алынады", - делінген хабарламада.

Қазір, компания өкілдерінің мәліметінше, ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама