Қазақстанда -25 градусқа дейін аяз түседі

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда -25 градусқа дейін аяз түседі Фото:depositphotos.com

Казгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Казгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қар, жаңбыр және аяз

Болжамға сәйкес, мерекелік демалыс қарсаңында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Солтүстік пен солтүстік-батыста кей кездері жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі.

Реклама
Реклама

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман болжанады. Солтүстік өңірлерде боран, ал оңтүстікте найзағай болуы мүмкін.

Ауа температурасы қандай болады?

Кейінгі күндері ауа температурасы айтарлықтай көтерілгенімен, болжамды кезеңнің аяғына қарай елдің батысы мен солтүстік-батысына қайтадан арктикалық суық ауа таралады.

"Түнде батыста ауа температурасы 5-15 градус аязға дейін төмендейді, ал солтүстік-батыс пен қиыр солтүстікте 15-25 градус аяз болады. Ал елдің оңтүстігі мен шығысында температура одан әрі жоғарылап, көктемгі жылу сезіледі", - деді метеорологтар.

11 наурыздан бастап елдің орталығы мен шығысында температураның төмендеуі да күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама