ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қараша 2020 | 11:29
Қазақстанда 26 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер 17-19 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 17-19 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады.
"Орталығы Самараның үстінде орналасқан солтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигізуді жалғастырады. Кей жерде әлі де қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады, бірақ түнде ауа температурасы солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, оңтүстік жартысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасын болжанады", - деді синоптиктер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также