ПОДЕЛИТЬСЯ
30 наурыз 2020 | 18:00
Қазақстанда 26 мың дәрігер үстемақы алады
Қазақстанда 26 мың дәрігер үстемақы алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 26 мың дәрігер үстемақы алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев медицина қызметкерлері жұмысындағы қауіп-қатер деңгейіне байланысты үш топқа бөлінгенін хабарлады.
"Бірінші топ, реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, барлығы 3 284 маман. Олардың жалақысына үстемақы айына - 850 мың теңге. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына, шамамен 1 миллион теңгенің үстінде алады", - дейді министр.
Ал екінші топ, министрдің айтуынша, провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, барлығы 11 951 маман. Олардың үстемақысы айына - 425 мың теңге. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар айына, шамамен 600 мың теңге алады.
"Үшінші топ. Карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. барлығы - 10 994 қызметкер. Олар айына 212 мың теңге үстемақы алады. Орташа айлығын қосқанда, олар шамамен 380 мың теңге алады, - деп түсіндірді Абаев.
Медицина қызметкері вирус жұқтырған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі, қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге жәрдемақы беріледі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также