Қазақстанда 3 баладан Кавасаки синдромы анықталды

Фото: gazeta.ru

Елімізде 114 бала коронавирус жұқтырған. Оның үшеуі Кавасаки синдромына шалдыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елімізде 114 бала коронавирус жұқтырған. Оның үшеуі Кавасаки синдромына шалдыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 2 257 дерегі тіркелді. Оның ішінде COVID-19 жұқтырған 114 бала қазір ауруханада жатыр. Кавасаки синдромы - өте күрделі ауру, күретамырға зақым келеді. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавлда Кавасаки синдромының 3 дерегі тіркелді", - деді ол ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, ауруға шалдыққан балалардың денсаулығы әртүрлі жағдайда.

Реклама
Реклама

"Нұр-Сұлтандағы баланың жағдайы тұрақты. Бұл - өте күрделі, өте сирек кездесетін ауру. Сондықтан оған ерекше күтім қажет" - дейді Бағдат Қожахметов

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалардан Кавасаки синдромы анықталды

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 99 442-ге жетті. 72 523 науқас жазылды, 1 269 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама