ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 наурыз 2026 12:14
Қазақстанда +32 градусқа дейін аптап болады
"Қазгидромет" синоптиктері 31 наурыз, 1 және 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" синоптиктері 31 наурыз, 1 және 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Елдің басым бөлігінде күн жылы әрі ашық болады
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз жылы көктемгі ауа райы сақталады.
"Тек батыста және оңтүстік облыстардағы таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады, батыста кей уақыттарда нөсер жауын күтіледі, сондай-ақ жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді", - деді синоптиктер.
Түнде және таңертең республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Температура көрсеткіштері қандай болады?
- солтүстік-батыста 17-26 градус жылы,
- солтүстікте 13-20 градус жылы,
- орталықта 12-23 градус жылы,
- шығыста 5-22 градус жылы,
- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 23-32 градус жылы,
- ал батыста ауа температурасы 20-25-тен 13-20 градус жылыға дейін төмендейді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу