ПОДЕЛИТЬСЯ
23 шілде 2021 | 18:06
Қазақстанда 34 мың бала COVID-19 жұқтырған
Қазақстанда 34 мың бала COVID-19 жұқтырған, төрт баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 34 мың бала COVID-19 жұқтырған, төрт баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жыл басынан бері 34 мың бала коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бүгінде 558 бала стационарлық деңгейде емделіп жатыр, 13 жаңа туған нәрестеде коронавирус инфекциясы байқалады", - деді Гиният ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бері аурушаңдық шамамен 4-5 есе өскені байқалады. Елімізде төрт баланың жағдайы ауыр.
"Ақмола облысында, Нұр-Сұлтанда, Қызылорда облысында және Жамбыл облысында ауыр жағдайдағы балаларды бақылап отырмыз. Жыл басынан бері екі бала қайтыс болды: СҚО-да және біреуі Нұр-Сұлтанда", - деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасқа толмаған балалар ата-анасынан коронавирус жұқтырып, ауыратыны туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, көп бала осы жағдайға байланысты зардап шегеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также