Қазақстанда 36 градусқа дейін аптап болады

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 36 градусқа дейін ыстық болады. "Қазгидромет" синоптиктері 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда 36 градусқа дейін ыстық болады. "Қазгидромет" синоптиктері 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың айтуынша, Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26 градусқа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36 градусқа дейін көтеріледі.

"Кезеңнің соңында Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С жылыға, күндіз 8-15 °С жылыға дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары +20-28 градусқа дейін төмендейді. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама