25 сәуір 2023 | 11:22

Қазақстанда 3,7 миллион смартфонның Imei коды қайталанады - Мусин

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстанда 3,7 миллион смартфонның Imei коды қайталанады. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 3,7 миллион смартфонның Imei коды қайталанады. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, соның кесірінен мемлекетке шамамен 100 миллиард теңге салық төленбеген. Сондай-ақ бұл құқық қорғау органдарының ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жұмыстарына да кері әсерін тигізіп отыр.

"Осы мәселені шешу үшін министрлік абоненттерді тіркеу кезінде биометриялық ерекшеліктерді қолдануды және "IMEI кодтарының дерекқорын" кеден қызметтерінің жүйелерімен біріктіруді және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдануды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұрланған телефондардың IMEI кодтарын тексеруге болады", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная