Қазақстанда -38 градусқа дейін аяз болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда -38 градусқа дейін аяз болады Фото:depositphotos.com

Қазгидромет 20, 21, 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет 20, 21, 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде де жаңбыр, қар жауып, 22 қаңтарда таулы жерлерде қалың қар жауады.

Республика бойынша тұман түседі, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Реклама
Реклама

22 қаңтарда Жаңа Жер аудандарынан ығысқан суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде 25-38 градус аязға дейін, күндіз 20-30 градус аязға дейін төмендейді.

Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылыға дейін көтерілсе, таулы аудандарда 8-13 градус аяз, батыс өңірлерде 5-13 градус аяз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама