26 мамыр 2023 | 11:56

Қазақстанда 38 градусқа дейін ыстық болады

Фото:elements.envato.com

Синоптиктер 27-29 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 27-29 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер ауа райына әсер етеді, жаңбыр жауып найзағай ойнайды, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ, республиканың оңтүстігінде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте құмды дауыл соғады.

"Қазақстанда тәуліктік ауа температурасы жоғарлайды: батыс облыстарда +32-37 градусқа дейін, солтүстік-батыста +30-35 градусқа дейін, солтүстікте +20-30 градусқа дейін, орталықта +20-28 градусқа дейін, оңтүстікте +30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20-25 градусқа дейін аздап төмендейді, таулы аймақтарда +10-15 градус, шығыста негізгі фон + 23-28 градус", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная