"Қазгидромет" синоптиктері 6, 7 және 8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Циклон Қазақстанға жаңбыр әкеледі
Болжамға сәйкес, батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігінде әсерін сақтайды, соның салдарынан күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді және дауылды жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
"Нөсер 6-8 маусымда батыста, 6 маусымда солтүстікте және оңтүстік-шығыста, 8 маусымда елдің солтүстік-батысында жауады", - деді метеорологтар.
Температура көрсеткіштері қандай болмақ?
Кезеңнің басында Қазақстанның шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады. Күндіз батыста температура сәл төмендеп, +20…+30 градусқа дейін жетеді. Солтүстікте, керісінше, күн жылынып, +28…+35 градусқа дейін көтеріледі. Орталықта +30…+38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, оңтүстікте +35…+40 градусқа дейін ысиды. Оңтүстік-шығыста температура +30…+39 градус, шығыста +30…+37 градус ыстық болады.
Қазақстанда 2026 жылдың маусымы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылдың маусым айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Болжамға сәйкес, Қазақстанда жаздың алғашқы айы қалыпты деңгейден 1–2 градусқа жоғары болады, мезгіл-мезгіл нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғады. Кейбір аймақтарда +46 градусқа дейін жететін аптап ыстық күтіледі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.