ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2021 | 11:30
Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады
Қазақстанда 40 градус ыстық күтіледі. "Қазгидромет" синоптиктері 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 40 градус ыстық күтіледі. "Қазгидромет" синоптиктері 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, 25-26 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы қалыпты болады. Оңтүстіктен жылы және құрғақ ауа массаларының келуіне байланысты күн ыстық және құрғақ болады.
"Еліміздің батысында 30-39 градус жылу күтіледі, тіпті солтүстік жартысында да термометр бағаны күндізгі уақытта 32-38 градусты көрсетеді. Оңтүстікте 30-40 градус аптап, шығыста 30-36 градус ыстық болады. Алайда 27 мамырдан бастап батыс және солтүстік аймақтарға Батыс Еуропа аудандарынан келетін антициклон әсер етеді. Батыс өңірлерде температура бағаны 25-33 дейін, солтүстік өңірлерде 18-28 дейін айтарлықтай төмендейді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также