Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болады

Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 23-25 қаңтар аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 23-25 қаңтар аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына арктикалық суық ауа ағымы кледі. Алдағы үш тәулікте ел бойынша температураның одан әрі төмендеуі болжанып отыр. 23-24 қаңтарда солтүстік-батыс циклонының ойысы елдің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде өз ықпалын сақтайды – мұнда қар, кей жерлерде күшті қар жаууы күтіледі, ал қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Республика бойынша боран, көктайғақ, тұман, екпінді жел күтіледі.

Реклама
Реклама

"Республика аумағының солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде қатты аяз – 35 градусқа дейін, күндіз 13-20 градус аяз, елдің орталығы мен шығысында 20-35 градус, кейбір өңірлерде аяз 40 градусқа дейін болады, оңтүстікте түнде 15-25 градус, кей жерлерде аяз 28 градусқа дейін, күндіз 5-15 градус аяз болады", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама