Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет синоптиктері 15, 16 және 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 15, 16 және 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

40 градусқа дейін аяз күтіледі

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон ықпал етеді. Ол республика бойынша ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

Реклама
Реклама

"15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта термометр бағаны –30…–40 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы –5…–13 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыс облыстарда –8…–17 градусқа дейін, таулы аудандарда –20…–25 градусқа дейін төмендейді", - деп мәлімдеді синоптиктер.

Қазақстанның оңтүстігінде 15–16 қаңтарда негізінен қар түрінде қатты жауын-шашын, боран және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Ал елдің оңтүстік-шығысында 16–17 қаңтарда қатты қар, боран, тұман және көктайғақ болжанып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама