12 маусым 2024 | 12:07

Қазақстанда 40 градусқа дейін күн ысиды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін; 13-15 маусымда шығыс пен орталықта, 14 маусымда елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жауады деп күтіледі.

"Елдің батысында күндіз ауа температурасы +33...+40 градус ыстыққа дейін көтерілсе, елдің солтүстігінде, орталығында +20...+28-ден +25...+30 градусқа дейін, оңтүстікте +27...+35-тен +30...+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +22...+30-дан +25...+35 градусқа дейін, шығыста +22...+30-дан +20...+28 градусқа дейін шамалы төмендейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная