ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2024 | 14:10
Қазақстанда 40 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер Қазақстанда 11, 12 және 13 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер Қазақстанда 11, 12 және 13 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронталь аймақтарда қалыптасады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, 11-12 маусымда шығыста, 13 маусымда орталықта жаңбыр күтіледі.
"Республиканың солтүстігінде күндізгі температура +20...+25 градус, шығыста және орталықта +22...+32 градустан +18...+26 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте аптап ыстық +33...+40-тан +25...+35 градусқа дейін төмендейді, ал елдің батысында ауа температурасы +33...+40 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также