Қазақстанда 40-қа жуық кен орны сатылымға шығарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com/ jacksonstockphotography

Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігі пайдалы қазбалардың 39 кен орны бойынша электронды аукцион жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігі пайдалы қазбалардың 39 кен орны бойынша электронды аукцион жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аукцион 2025 жылғы 19 қыркүйекте сағат 11:00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы e-qazyna.kz сайтында өтеді. Қатысуға өтінімдер 2 қыркүйекке дейін minerals.e-qazyna.kz электрондық платформасы арқылы қабылданады.

Аукцион аясында алтын, никель, кобальт, марганец, темір кені, көмір, асбест, барит және басқа да пайдалы қазбалар бар учаскелер ұсынылады.

Реклама
Реклама

Көптеген кен орындары бойынша қол қою бонусы 1 966 000 теңге болады. Аукционға қатысушылар:

  • 100 АЕК мөлшерінде қатысу жарнасын,
  • сондай-ақ бастапқы бонус мөлшерінің бес есе көлемінде кепілдік жарнаны төлеуге міндетті.

Сонымен қатар, жеңімпаздар:

  • жылдық жиынтық табысының кемінде 1 пайызын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестициялауға,
  • егер учаске елді мекендердің буферлік аймағында орналасқан болса, жерасты тәсілімен өндіруді жүргізуге,
  • сондай-ақ кейбір кен орындары бойынша шикізатты Қазақстан аумағындағы өндірістік қуаттарда өңдеуге міндетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама