ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2022 | 13:17
Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады
Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады. Синоптиктер 7-9 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады. Синоптиктер 7-9 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонымен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік-батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тәуліктік ауа температурасы солтүстікте 23-30 градус, облыстың оңтүстігінде 33 градус, орталықта 27-35 градус, шығыста 28-33 градус, оңтүстікте 36 градус, 37-42 градусқа дейін ыстық болады.Тек республиканың шығысында түнде топырақ бетінде үсік сақталады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также