Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 15, 16 және 17 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстанда 15, 16 және 17 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, алдағы күндері республиканың барлық аумағында дерлік тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай және жел болып, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында бұршақ жауады деп күтіледі. 15, 17 маусымда солтүстікте, 15 маусымда орталықта, 15-16 маусымда елдің шығысында жаңбыр жауады деп күтіледі.

"Елдің батысында ауа температурасы - +33...+42 градусқа дейін, оңтүстікте +35...+42 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыста +28...+38 градусқа дейін ыстық, солтүстікте +26...+34 градусқа дейін, орталықта +25...+33 градусқа дейін, шығыста - 21...+31 градус", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама