01 шілде 2024 | 12:07

Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 2, 3 және 4 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстанда 2, 3 және 4 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең циклон әсер етеді: найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады және қатты жел соғады деп күтіледі. Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: күндіз солтүстік-батыста 28-35 градусқа дейін, солтүстікте 20-28 градусқа дейін, орталықта 22-33 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-36 градусқа дейін, оңтүстікте 33-38 градусқа дейін. Еліміздің батысында +35+42 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная