05 маусым 2024 | 13:26

Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 6, 7 және 8 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстанда 6, 7 және 8 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" болжамы бойынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген облыстарда жаңбыр жауады: 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда республиканың шығысында күн күркіреп, екпінді жел соғады, солтүстікте, батыста, орталықта, шығыста бұршақ жауады.

"Елдің оңтүстігінде күндіз +35...+43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +35...+40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Еліміздің батысында 6-7 маусымда күндіз +30...+38 градус, 8 маусымнан бастап +25...+30 градусқа дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында күндіз +22...+30-дан +20...+25 градусқа дейін аздап төмендейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная