08 қаңтар 2022 | 13:43

Қазақстанда 4404 адам ұсталды - ІІМ

© Tengrinews.kz

Қазақстанда жалпы 4404 адам полиция бөлімшелеріне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ жедел штабына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жалпы 4404 адам полиция бөлімшелеріне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ жедел штабына сілтеме жасап.

"Елдің бірқатар өңірінде құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтап, ұстау бойынша жедел шаралар жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта 4404 адам ұсталды", - делінген хабарламада.

Ақтөбе қаласында және облыста құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатқаны айтылады.

Реклама
Реклама

"Облыста жағдай толық бақылауда. Осыған байланысты халық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың мүлкін сақтау үшін, сондай-ақ мародерлік деректерінің алдын алу мақсатында облыста 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Өткен түні коменданттық сағатты бұзу дерегі бойынша 22 адам полицияға жеткізілді", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Сонымен қатар, 11 ұйымдастырушы мен арандатушы ұсталғаны айтылады.

"Қазіргі уақытта екі адамға қатысты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру дерегі бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ІІМ өкілдері халықты сабырға шақырып, дүрбелең туғызбауға шақырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная