05 маусым 2023 | 10:47

Қазақстанда 46 градусқа дейін аптап болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Синоптиктер Қазақстанда 6-8 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстанда 6-8 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, 6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста аздаған жаңбыр жауып, 8 маусымда еліміздің солтүстігінде жаңбыр мен бұршақ жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

"6-7 маусымда солтүстікте күндіз өте қатты ыстық болады. 6 маусымда орталықта, республиканың шығысында 41 градус, 8 маусымда оңтүстік-шығыста 41 градусқа дейін, еліміздің оңтүстігінде 46 градусқа дейін ыстық сақталады. 8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ыстық 22-30 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная