Қазақстанда 46 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

2024 жылғы желтоқсанда Қазақстанда синоптиктер аномальді жылы ауа райын тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы желтоқсанда Қазақстанда синоптиктер аномальді жылы ауа райын тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, өткен айда елдің көптеген өңірлерінде температура нормадан 1-6 градусқа жоғары болған.

19 желтоқсанда Петропавлда жаңа температуралық рекорд орнаған – термометр бағаны +1,3 градусқа жетіп, 1978 жылғы +0,8 градус көрсеткішінен асып түсті.

Реклама
Реклама

Алайда желтоқсандағы өзгерістер жиі атмосфералық құбылыстармен қатар жүрді – қар жауды, боран соқты, жаңбыр, дауыл, көктайғақ және тұман байқалды.

Мысалы, 15 желтоқсанда Түркістан облысындағы Шуылдақ метеостанциясында айлық нормасы 77 миллиметр қардың 22 миллиметрі жауды. 29 желтоқсанда Маңғыстау облысының Форт-Шевченко станциясында жауын-шашын 17 миллиметрге жетіп, нормадан екі есе асты. 13-14 желтоқсанда Жетісу облысындағы Жалаңашкөл метеостанциясында желдің екпіні секундына 40 метрге дейін жетті, ал 16 желтоқсанда Достық станциясында жел жылдамдығы 36 метр/секунд болды.

Сонымен қатар, 4-8 желтоқсан аралығында Ақтөбе облысындағы Родниковка метеостанциясында диаметрі 66 миллиметрге дейін жететін көктайғақ және мұз қату жағдайлары тіркелген.

Астанада желтоқсанның орташа температурасы -8,8 градус болды, бұл нормадан 3,2 градусқа жоғары. 11 желтоқсанда Қазақстан астанасында айдағы ең төменгі температура -20,8 градус тіркелсе, 14 желтоқсанда ең жоғары температура +0,7 градус болды. Астанада жауын-шашын нормадан көп болды – 31 миллиметр, бұл айлық нормадан (25 миллиметр) 122 пайызды құрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама