ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2021 | 18:03
Қазақстанда 5 қаңтарда ескі көліктерді қабылдау қайта басталады
Істен шыққан көлік құралдарын жоюға қабылдау 2022 жылдың 5 қаңтарынан қайта басталады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тозығы жеткен 70 мың ескі көлікті (жеңіл және жүк техникасын) қабылдауға квота бөлді. Енді 5 қаңтардан бастап көлік қабылдаудың электрон кезегі ашылып, өңірлердегі 18 бекет жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оператор РОП" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Істен шыққан көлік құралын өткізгені үшін 2022 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгеруіне байланысты, көлік санаты мен жиынтығына байланысты 165 402 теңгеден бастап 606 474 теңгеге дейінгі аралықта ақшалай өтемақы беріледі.
2021 жылы қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекордтық нәтиже көрсеткені атап өтілді. Қаңтар мен қараша арасында қазақстандықтар 50 005 көлікті жоюға тапсырған. Оның 37 495-сі - жеңіл көлік, 5 271-і - автобус және 7 239-ы - жүк көлігі.
Істен шыққан көлігін жоюға тапсырғандарға 13,833 миллиард теңге қаражат төленді. Аймақтар бойынша көлік тапсырудан Шымкент алда тұр, 12 068 көлік өткізілген. Екінші орында 5175 көлік тапсырған Алматы қаласы және үшінші орында 4788 техника өткізген Тараз қаласы тұр. 3239 көлік тапсырған Қарағанды қаласы - төртінші орында.
Істен шыққан көлік құралдарын тапсыруға ынталандыру бағдарламасы басталғаннан бері қабылдау бекеттері 214 932 көлік құралын кәдеге жаратуға қабылдаған. Оның ішінде 194 163 жеңіл автокөлік, 14 590 жүк техникасы және 6179 ауыр салмақтағы машина. Қабылданған техниканың бәрі Қарағанды зауытына кәдеге жаратуға жіберіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также